Жемқорлыққа қарсы қоғамдық ашық комитет құру керек -саясаткер пікірі
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Жемқорлыққа қарсы қоғамдық ашық комитет құру керек.
Бұл туралы бүгін халықтық-коммунистік партия өкілдерінің ұйымдастыруымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бұл комитеттің мақсаты - қоғамда белең алып бара жатқан жемқорлық пен ашық түрде күресу болуы тиіс» дейді саясаткер Жақсыбай Базылбаев. Оның айтуынша, жемқорлықпен күресті халық тарапынан бақылау болғанда ғана азайтуға болады.