Жемқорлықпен күрес агенттігінің Алматыдағы департаментінің басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Бұл туралы аталған агенттіктегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің Алматыдағы департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл лауазымға Қайрат Имәтұлы Сөнтаев бекітілді. Ол 1961 жылы 7 мамырда Павлодар облысында дүниеге келген. 1981-1983 жылдары СССР Қарулы күштерінде әскери қызметін атқарған. 1992 жылы С.Н. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген.

1992-1993 жылдары – Павлодар облысы Краснокутск ауданы прокуратурасының тергеушісі, 1994-1997 жылдары – Бас прокуратураның ІІМ органдарындағы тергеу және анықтауды қадағалау бойынша аға көмекшісі, 1997-1998 жылдары – Ақмола облысы Ерейментау ауданы прокуратурасының прокуроры, 1998 - 2000 жылдары – Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының прокуроры, 2000-2002 жылдары – Астана қаласы прокуратурасы прокурорының орынбасары, 2002 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2018 жылы 1 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы болып тағайындалды.