Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Женевадағы БҰҰ қызметкерлері бұрынғы басшысы Тоқаевты сағынышпен еске алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Женевадағы БҰҰ штаб-пәтерінің (UNOG) қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатта өздерінің бұрынғы басшысы, қазіргі ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысы жайында әңгімелеп берді.

Женевадағы БҰҰ қызметкерлері бұрынғы басшысы Тоқаевты сағынышпен еске алады

null
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Женева бөлімшесіне 2011 жылдың мамыр мен 2013 жылдың қазаны аралығында басшылық жасаған болатын. UNOG бас директоры хатшылығының басшысы Давид Чикваидзе бұл уақыттың жеткіліксіз болғандығын айтуда. «Оның кетіп қалғанына өкінемін. Өйткені ол  тек зиялы әрі білімді адам ғана емес бірнеше тілде еркін сөйлейтін әлемдік деңгейде тұлға, академиялық білімі бар халықаралық істің майталманы, қаламгер. Ол өте ақылды және мықты басшы болды. Тоқаев - ұйымның қалай жұмыс істейтіндігін, қалай жұмыс істеу керектігін және не істеу керектігін көрегендікпен сезе алатын өте сұңғыла адам. Сондықтан да оның қысқа ғана мерзімде осы жерде болуының өзі Женева бөлімшесіне және жалпы БҰҰ-ға пайдалы әсер берді», - деді Давид Чикваидзе.

7 6

3
Ал ресейлік отставкадағы елші, Женева дипломатия мектебінің профессоры, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының швейцарлық түлектері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Юрий Назаркинге де Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің ақылымен, көтерілген тақырыпқа терең бойлай алуымен, әдемі әзілімен және жалпы адами қасиеттерімен айрықша танданыс тудырған.
«Қасым-Жомарт Кемелұлымен ММХҚИ түлектері қауымдастығы және Женева дипломатия мектебі аясында әңгімелестім. Ол Женева дипломатия мектебінің құрметті деканы болып, дәріс оқыған еді. (...) Оның ММХҚТ түлектерімен кездесуіндегі және Женева дипломатия мектебінде сөйлеген сөздері тыңдаушыларын өзіне баурап алатын. Олай болмауы да мүмкін емес-ті. Ал онымен жеке араласуым шынайы қанағаттанушылық сезімге бөлейтін. Оның ескертпелерінің дәлдігі, өткір тілдігі, қарапайымдылығы және мейірбандығы - біздің кездеулерімізден алған әсерлерім десем болады. Өзім оқыған оның кітаптары («Еңсеру. Дипломат очерктері» және «Күнгей мен көлеңке. Қазақстан саясаткердің очерктері»)  Қасым-Жомарт Кемелұлын таланатты сөз шебері,  дарынды саясаткер әрі дипломат ретінде таныта түсті», - деді Юрий Назаркин.
Женевадағы БҰҰ бөлімшесі хаттама қызметінің басшысы Сергей Шапошников болса Тоқаевтың ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалмай тұрған кезде, бірнеше жыл бұрын Астанада жүздескен.
2 

«Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей басшылығымен БҰҰ-да жұмыс істедім. Алғаш рет біз ол БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің бас директоры болып тағайындалмай тұрған кезде, бірнеше жыл  бұрын Астана кездескен едім. Сол бір қысқа ғана кездесуіміз барысында-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлының тек мемлекеттік қызметкер ретінде ғана емес сонымен таза адами тұрғыда да ерекше тұлға екендігін сезіндім. Әрине, ол уақытта бірнеше жылдан кейін оның басшылығымен жұмыс істеймін деп ойлағанда емеспін. 2011 жылдың көктемінде БҰҰ Бас хатшысы оның Женеваға тағайындалғанын жария еткенде бұл мен үшін тосын болғанымен жағымды жаңалық болды», - деді Сергей Шапошников.

Айдар Шаяхметов Қазақстан азаматы. Ол ұзақ уақыт бойы БҰҰ-да жұмыс істеген. 2007 жылы Женева бөлімшесіне ауысып, соңғы жылдары лингвистикалық қызметке басшылық жасады. Оның қол астында БҰҰ-ресми 6 тілінде сөйлейтін шамамен 400 маман жұмыс істеді. Шаяхметов бұл қызметте 2014 жылға дейін жұмыс істеп отставкаға шықты. 

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен алғаш рет 1995 жылы Нью-Йоркте кездестім. Ол ҚР Сыртқы істер министрі ретінде келген еді және одан кейін де жиі сапарлап тұрды.  Онымен жақын таныс бөлу бақытын бұйырған тағдырыма ризамын. Біз одан кейін де бейресми жағдайда сан мәрте әңгімелескен едік», - деді ол.
5 

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері әрі дипломат ретіндегі май тәжірибесіне арқа сүйей отырып, көп іс тындырды. Тоқаевтың қызметінің нәтижесінде Женеванң жан-жақты дипломатияның маңызды орталығы ретіндегі рөлі күшейтілді, басты халықаралық ойыншылармен конструктивті өзара іс-қимыл жолға қойылды.

Айта кетейік, 2011 жылдың наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өзінің орынбасары, БҰҰ-ның Женева бөлімшесінің бас директоры, сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысының Қарусыздану жөніндегі конференциядағы жеке өкілі ретінде тағайындау туралы шешімін жария еткен еді.  Ол Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас  хатшысы лауазымын атқарды. Сонымен бірге Швейцариядағы БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты аға лауазымды тұлға болды.