Жеңіл атлетика: О Рыпакова Шанхайдағы «Гауһар лиганың» бірінші кезеңінде алтын медальді жеңіп алды

АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова жексенбі күні Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді жеңіп алды,

Жеңіл атлетика: О Рыпакова Шанхайдағы «Гауһар лиганың» бірінші кезеңінде алтын медальді жеңіп алды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, О. Рыпакова үш қарғып секіруден 14 метр 89 сантиметрді бағындырған. Осылайша, жерлесіміз маусымның жаңадан басталғанына және бұл ағымдағы жылғы алғашқы халықаралық жарысы болғандығына қарамастан, тамаша жеңіске қол жеткізді. Ал күміс медальді 14 метр 61 сантимер ұзындықты бағындырған кубалық Яргелис Савинье, ал қола медальді 13 метр 94 сантимерге секірген ресейлік Анна Пятых иеленген. Үш қарғып секіру жарысына барлығы он спортшы қатысқан. Осы жеңісінің арқасында Рыпакова 4 ұпайға, Савинье 2 ұпайға, ал Пятых 1 ұпайға ие болды. «Гауһар лиганың» екінші кезеңі маусымның 4-інде Ослода басталады.

Айта кетейік, О. Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш қарғып секіруден финалдық кезеңде 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартты. Осы көрсеткішімен ол Олимпиадада 4-ші орын алған болатын. Бұдан бөлек О. Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды.