11:53, 07 Шілде 2016 | GMT +5
Жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионаты ресейліктерсіз өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 6 шілде күні Амстердамда жеңіл атлетикадан Олимпиада алдындағы Еуропа чемпионаты басталды. Тарихта тұңғыш рет Ресей бұл чемпионатқа қатысқан жоқ, деп хабарлады epochtimes.ru.
Турнир «Бұрын-соңды болмаған жеңіл атлетика» ұранымен допингке қарсы күреске арналып отыр.
Жарыс 10 шілдеге дейін жалғасады.