Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBC титулы үшін айқас өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген жеңіл салмақтағы кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күнді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Спортшы 22 қыркүйекте, Алматыда шаршы алаңға оралады және WBC International Silver атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Елшаттың қарсыласының есімі әлі жария етілген жоқ. Бокс кешін жергілікті Abat Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырады», - делінген ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Елшат Нығметолла екі жылға созылған үзілістен кейін биыл 12 наурызда Дубайда өткен бокс кешінде өнер көрсеткен болатын. Ол филиппиндік қарсыласы Джастин Дарапты (10-2, 6 КО) төрешілердің бірауыз шешімімен женген еді.

Елшат Нығметолла Қытайда туған. Ол 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.




Фото: www.sports.kz


Соңғы жаңалықтар