Жеңіс күнінде Қарағандыдағы ардагерлерді ретро-автомобильдермен жүргізді

ҚАРАҒАНДЫ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда ретро-автомобильдердің парады болып өтті.
None
None

Жеңіс күніне орайластырылған жиынға келген ардагерлерге өздерінің жастық шақтарын еске алу мүмкіндігі берілді. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерін соғыс және соғыстан кейінгі жылдардағы автомобильдермен жүргізді. Жас буын өкілдері ретро-көлік қасында фотоға түсу сәттерін пайдаланды.

 Ретро-автомобильдер парадының бастамашысы ретінде Қарағанды әкімдігі шықты. Жалпы алғанда жиырмаға тарта ескі жеңіл және жүк көліктері ұсынылды.

 Қарағандыдағы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар бүгін күн бойы жалғасады. Халық көп қыдыратын жер Жеңіс саябағы болмақ. Мерекелік концерттен басқа мұнда әскери техника мен әскери-далалық асүйі ұйымдастырылады. Кешке саябақта мерекелік отшашу беріледі.

 Қаланың басқа саябақтары мен алаңдарында да мерекелік шаралар өтуде. Әрбір жерде әскери жылдар әндері естіліп, жергілікті көркемдік ұжымдар өнерлерін көрсетуде.

 Мерекелеу кезінде құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін, полицейлер қызметті жүргізудің күшейтілген тәртібіне көшті.

Соңғы жаңалықтар