10:49, 22 Сәуір 2014 | GMT +5
Жеңіс күніне орай «Сізден әлемнің жылуы тарайды» шарасы басталды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Батыс Қазақстан облысында Жеңіс күніне орай «Сізден әлемнің жылуы тарайды» шарасы бастау алды.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығынан түскен мәліметке қарағанда, шара аясында соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Қ алалық емханалар мен фармакологиялық фирмалардың өкілдері о лардың үйлеріне барып, дәрі-дәрмектер мен медициналық қоржындар үлестіріп, майдангерлердің қан қысымын өлшеуде.
Айта кетейік, облыс бойынша мұндай қамқорлықпен 300-ден астам адамды қамту көзделіп отыр.