Жеңіс күнінің 65 жылдығын атап өту қарсаңында «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығын атап өту қарсаңында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ұйытқы болуымен бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - соғыс және тың ардагерлеріне қамқорлық көрсету, жастарды үлкен адамдарға ықыласпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Акция барысында соғыс және тың ардагерлерінің үйлеріне бару ұйымдастырылып, оларға азық-түлік пен естелік сыйлықтары тапсырылады. Ардагерлердің үндеулеріне баса назар аударылады, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық мәселелердің жедел шешілуі жөнінде шаралар қолға алынады.

«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері мен «Нұр Отан» ХДП мүшелері Ұлы Отан соғысы батырларына арнап орнатылған ескерткіштерді және мемориалды құрылыстарды тексеріп шығады. Сонымен қатар, партияның аймақтық филиалдары кеңселерінде соғыс ардагерлерінің жергілікті партия активімен салтанатты кездесулері өтіп, мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

«Ардагерлерді ардақтайық» республикалық акциясы 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы бойы өтеді.

Соңғы жаңалықтар