Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жеңіс мерекесі - біз үшін ең басты мереке

СЕМЕЙ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семей әкімі Мейрамхат Айнабеков қала мен аймақ тұрғындарын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тың еңбеккерлеріне қамқор болып, оларға қолдарынан келгенше жағдай жасау туралы үндеу тастады,

Жеңіс  мерекесі  - біз  үшін  ең басты мереке
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әкім өз үндеуінде «Жеңіс мерекесі осымен 64 жыл бойы біз үшін басты мереке болып келеді. Жеңіс күні - халыққа ең жақын мереке. Мұндай жеңіс кез-келген халықта жоқ. Осындай жеңістің мұрагері болу - мол құрмет қана емес, ол ең алдымен үлкен жауапкершілік. Майдангерлеріміздің ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Олар қол жеткізген Жеңістің құдіреті бізге әлі күнге дейін қызмет етуде, ол бізге қиындықтарды жеңіп тек қана алға басуымызға көмектесіп келеді», - деп атап көрсетті. Мейрамхат Айнабеков кәсіпорындардың, мекемелердің, ауылдық округтердің, оқу орындары мен коммерциялық құрылымдардың басшылары, қала тұрғындарын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету жөніндегі іс-шараны үлкен жауапты іс ретінде қабылдауға шақырып отыр. Әкімнің пікірінше, барлық еңбек ұжымдарында салтанатты жиналыстар, үш буын өкілдерінің 9 мамыр мерекесіне арналған кездесулері ұйымдастырылуы керек. Семей әкімі қала тұрғындарын сонымен бірге денсаулық жағдайларына байланысты салтанатты шараларға қатыса алмайтын ардагерлерді де ұмытпауға шақырды. « Бірде-бір ардагер ұмыт қалмай, құрмет көрсетілуі керек», - деді әкім.