Жеңіс үшін біз соңына дейін күрестік - қазақстандық шаңғышылар Е.Коломина мен С.Малахова-Шишкина
![None None](/static/img/plug.webp)
Жарыс аяқталғаннан кейін біздің спортшылар атап өткендей, олар жеңіс үшін соңына дейін күресті, бірақ жеңімпаз - жапондық Исида Масако біздің спортшылардың тактикасын біліп қалып, жеңісті жұлып алды.
Елена Коломинаның айтуынша, өзінің екінші орын иеленгеніне еш өкінбеді:
- Жарыс басталар алдында шаршағаным сезілді. Бір апта ауыр тиді. Қазір үйге қайтып, жақындарыма барғым келеді. Осыған қарамастан, жеңіс үшін соңына дейін күрестік. Жарыста аздап сәттілік жетіспей қалды.
Оның айтуынша, кеше және бүгін шаңғымен ешқандай қиындық туған жоқ. Сырғанау және басқа сипаттары бойынша біз жапондықтардан кем түспедік. Жалпы алғанда, Қазақстан командасы Азия ойындарында тамаша өнер көрсетті. «Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге ерекше алғысымды білдіргім келеді. Мен бұл жарысты мәңгі есімде сақтаймын», - деді ол.
15 шақырымдық масс-старт жарысында қола жүлдегер атанған Светлана Малахова-Шишкина мәреден соң, қазақстандықтардың бәсеке барысында қолданған тактикасы жайлы баяндап берді: "Жалпы, масс-старт бойынша маман емеспін, мен жекелей жарыста жақсырақ өнер көрсетемін. Ал бүгінгі сайыста бір ғана мақсатым болды - жапондық Исидо Масаконы бөгеп, оқ бойы оздырып алмау. Біраз уақыт мен спортшыға ілесіп жүгірдім, бірақ, ол жоспарымызды тез түсініп, бірден жылдамдығын үдетті. Сосын Елена Коломинаға жапондық спортшыны қуып жету үшін басымды изедім. Өкінішке қарай, Исиданы қуып жете алмадық. Бірақ, бар күшімізді салғанымыз рас. Кейбір қателіктерді түзегің келсе де, өткенді қайтара алмайсың ғой. Азиада бітуге де таяп қалды, бірақ осы маусым қызу әрекетке әлі де толы. Біз алда әлем Кубогы кезеңіне қатысамыз".