ЖЕҢІСКЕ ДЕЙІН 21 КҮН: Михаил Яровтың Даңқ ордені
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тура 70 жыл бұрын, 1945 жылғы 18 сәуір - Ұлы Отан соғысының 1397-ші күні. Жеңіске дейін 21 күн қалған еді. «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына сол сұрапыл жылдардың оқиғалар жылнамасын ұсынады.
3-ші Беларусь майданының әскері Пиллау порты маңындағы Земландия түбегінің оңтүстік-батыс жағына бытырай қашқан жау әскерін жою үшін айқасты жалғастырып жатты. Пиллау іргесінде немістер алдын ала дайындалған бекініске сүйеніп, табандылықпен қарсылық танытты. Біздің жаяу әскер мен танк бөлімшесі бірнеше окоп желілері мен танкіге қарсы терең орларды еңсерді. Гитлершілер кеңес әскерлерін тежеу үшін орманда үйінділер ұйымдастырып, орынды миналап тастады. Біздің артиллеристер қарсыластың атыс нүктелерін тас-талқан етіп, кеңес жаяу әскерінің жолын тазалады. Кескілескен ұрыс нәтижесінде гвардиялық бөлімше немістерді орман алқабының солтүстік бөлігінен қуып, табандылықпен Пиллауға қарай бет алды.
Силезия. Ратибордың оңтүстік-батыс және оңтүстік қалаларында біздің әскер шабуылды ұрыс жүргізді. Ірі өнеркәсіп орталығы Моравска Острава қаласын қолдан бермеуге тырысқан жау әскері жан аяспай күресіп бақты.
Ратибордың оңтүстік-батысында кеңес әскерлері Опавадан бес шақырымдай қашықтықта орналасқан Пилтш тірек пунктін басып алды. Ратибордың оңтүстігінде немістер резерв құрып, бірнеше мәрте қарсы оқ жаудыртты. Жаудың бұл қарсылығына да тойтарыс берген біздің әскер екі тас жол тоғысқан Болатице ауылына басып кірді.
Кеңес әскері граната мен автоматтан оқ жаудыртып немістерді тас ғимараттардан қуып, елді мекенді басып алды. Сәтті жеңіспен алға ұмтылған біздің әскер Дольный Бенешов елді мекенін иеленіп, Опава өзеніне шығып өткелде айқас өткізді. Бұл ауданда немістің 4 ұшағы, 6 планер, 12 қару жарақ тәркіленді. Дольный Бенешов елді мекені Моравска Острава қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан. Екі күнге созылған ұрыс барысында біздің әскер 35 неміс танкісі мен өздігінен жүретін құрылғыны жойды. 700-ден астам жау сарбаздары мен офицерлер тұтқынға алынды.
30-дан астам елді мекендер: Бургфельд, Пилтш, Олдржихов, Краварже, Забржег, Дольный Бенешов, Богуславице, Рогув, Гожыце, т.б басып алынды...
Чехославакия аумағында біздің әскер шабуылды жалғастырып жатты. Кеңес жаяу әскері Йилгава өзенін бетке алып, Брноның оңтүстік-батысына қарай 17 шақырымда орналасқан Иванчице қаласын басып алды. Бұдан басқа, Врацов, Милотице, Кло-Боуки, Жидлоховице, Райград, Сировице, Мелчаны, Немчицки, Медлов, Смолин елді мекендерін иеленді...
Венаның солтүстігінде Австрияда кеңес әскері айқаса жүріп алға жылжыды. Хаусбрунн елді мекеніндегі орманда кескілескен ұрыс жүрді. Сондай-ақ Рабенсбург, Кроицштетен, Гросс Руссбах, Вайнштайг, Гетцманнсдорф, Мольмансдорф, Рюкерсдорф елді мекендері мен Ульрих темір жол станасы басып алынды...
1945 жылғы 18 сәуірде Мистельбахтың солтүстік-шығыс қалаларының 18-шақырымында орналасқан Альт-Лихтенвард елді мекеніндегі ұрыста гвардияның кіші сержанты Михаил Яров өзіне сеніп тапсырылған пулеметпен жақындаған жаудың жаяу әскеріне қарсы оқ жаудырып, 15-тен астам гитлершілерді жайратты.
Яровой Михаил Саввич - Даңқ Орденінің 8 толық иегерлерінің бірі, сондай-ақ Социалистік Еңбек ері атағын алған.
1925 жылы 15 желтоқсанда Винницкий облысы Могилев-Подольск ауданының Садки ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 5 сынып бітірген. Колхозда жұмыс істеген.
Ұлы Отан соғысы басталғаннан бастап оккупацияланған аумақта қалуға мәжбүр болған. Германияға қуылған ол орманды паналған. 1944 жылы наурызда ауданды азат еткеннен кейін аудандық әскери бөлім Қызыл Әскерге шақыртты.
1945 жылы 25 наурыз - 6 сәуір аралығында Чехославакия аумағында 285-гвардиялық атқыштар полкінің 2-ші пулеметшілер ротасы станокты пулеметшілер тобының командирі кіші сержант М. Яровой жаудың бес пулемет нүктесін, бір бөлімше сарбазды жойды.
1945 жылғы 11 мамырда айқастарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін М. Яровой 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен, 1946 жылы 15 мамырда неміс-фашистік басқыншылармен айқаста қолбасшылық тапсырмаларын мүлтіксіз орындағаны үшін - 1-ші дәрежелі Даңқ Орденімен марапатталып, Даңқ орденінің толық иегері атанды.
Берлинге шабуыл операциясы. 1-ші Беларусь майданының 61-ші әскерінің бірінші қапталында Одердегі плацдарм кеңейтілді, 47-ші әскер Вриценнен оңтүстікке бет алып, Врицен - Шульцдорф тас жолына шықты, 3-ші соққы әскері түс ауа Меглинге шықты, күннің екінші жартысында Шульцедорф - Меглин шекарасындағы жау бекінісін еңсерді.
Орталықта 5-ші соққы әскері мен 2-ші гвардиялық әскері орман алқабы, көл тізбегі жағдайында 4 шақырымға алға жылжып, Гигенвальд ауданына өтті. 1-ші гвардиялық танк әскері оңтүстік-батыс бағытта Марксдорвтың басып алды. 8-ші гвардия әскері түс ауа Требницке кірді.
Сол қапталда 69-шы және 33-ші әскер Франкфурт бекітілген ауданды айналып өтіп, қаланы қоршау қаупін туындатты. Неміс басшылығы гарнизонды Франкфурт-на-Одереден көшіріп, батыс жағалауда қорғанысты нығайту шешімін қабылдады.
18 сәуір кешке 1-ші Украиндық майдан әскерінің 3-ші гвардиялық танк әскері Шпрееден 30 шақырымға өтті. Ал 4-ші гвардиялық танк әскері 45 шақырымға алға жылжыды. 13-ші әскер Шпрееден өтіп, солтүстік-батыс бағытты бетке алды. 3-ші гвардиялық әскер мен 5-ші гвардиялық әскер асу қапталында кескілескен ұрыстар жүргізді.
Герлиц солтүстігінде Польский әскерінің 2-ші әскері және 52-ші әскер Нйсе өзенін кесіп өтіп, неміс қорғанысың тактикалық аймағын бұзып өтіп, кешке қарай үшінші жолаққа жетті...
Жеңіске 21 күн қалды...