Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жеңістің 64 жылдығына әзірлік қолға алынды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Көкшетау қаласы әкімдігінің ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар мәдени-көпшілік шаралар, спорттық сайыстар белгіленді,

Жеңістің 64 жылдығына әзірлік қолға алынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Айтулы іс-шара аясында «Ақбұлақ» клубында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» және «Қамқор» қайырымдылық акциялары, әскери-патриоттық әндер байқауы, әскери-патриоттық клубтар сайысы ескерілген. «Тәуелсіздік» алаңында «Ұлттар қосқан мекенім-Қазақстан!» атты концерттік бағдарлама, Даңқ аллеясында «Ұлы жеңіс - Ұлы мамыр» митингісі өткізіліп, Мәңгі алауға гүл шоқтары қойылмақ. Сол күні орталық алаңда «Жеңіске тағзым!» мерекелік концерті көпшілік назарына ұсынылады. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес жауынгерлерге арналған мемориалды кешенде, Ауған соғысында қаза болғандардың ескерткіші жанында, Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов бюстінде Еске алу вахталарын өткізеді. Бұл күндері барлық ескерткіштер жастар қамқорлығына алынып, көркейтіліп, абаттандыру шаралары жүргізіледі.