Жеңістің 65 жылдығына байланысты Қырғызстанда рақымшылық жарияланды
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Қырғызстанның уақытша үкіметінің шешімі бойынша, рақымшылық жариялануына байланысты Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысушылар мен олардың жесірлері, 55 жастан асқан әйелдер, 60 жастан жоғары ер азаматтар, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен 3- және 4-ші сатыдағы онкологиялық ауруларымен ауыратын науқастар қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатылады.
Рақым жасалғандардың тізіміне сондай-ақ, қамқорлығында кәмелетке толмаған ең кем дегенде екі баласы бар отбасының жалғыз асыраушылары, КСРО-ның немесе Қырғызстанның мүдделерін қорғау жөніндегі жауынгерлік операцияларға қатысушылар, шартты мерзімге кесілгендер кіріп отыр. Оған қоса, әскери бөлімдерін тастап қашып кеткен сарбаздарға да рақымшылық жасалып отыр. Декретке сәйкес, түрмеде отырғандардың тағы біраз бөлігінің жаза мерзімдері 50 пайызға қысқартылады.