Жеңістің 67 жылдығына орай БҚО төтенше жағдайлар департаменті құрылымдары арасында жарыс өткізілді

Сайысқа өрт сөндірушілер, құтқаршылар, сүңгуірлер қатысып, гір тасын көтеруден, жеңіл атлетикадан, қол күресінен сынға түсті. Жекелей есепте департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері ерекше көзге түсті. 100 метрге жүгіруден 30 жасқа дейінгілер арасында С.Картель бірінші келсе, 35 жастағылардан Д.Дреер, қыздардан Э.Дәрібаева озды. 1 мың метрге жүгіруден 40 жасқа дейінгілерден Е.Бөрекешев, одан жоғарылардан А.Богдашкин үздік нәтиже көрсетті. Ұзындыққа секіруден С.Картель мен А.Қадырхан алдына жан салмаса, гір тасын көтеруден Г.Тілеуішев, С.Қайбалиев, М.Карев, А.Лецкий жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпыкомандалық есепте «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ - бірінші, суда құтқару қызметі - екінші, «Ақ берен» Батыс Қазақстан филиалы үшінші орынды иеленді.