Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа 180-нен астам әскери қызметші қыз-келіншек қатысады - ҚР ҚМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметші қыз-келіншектері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өтетін әскерлер парадына ерекше көрік береді, деп жазады ҚР ҚМ ресми сайтында.
None
None

Жалпы саны 186 парадқа қатысушы қыз-келіншек іріктеліп алынды. Олардың ішінде 32-сі әскери қызметші санитарлық нұсқаушы үлгісінде киініп, парадтың ҰОС кезеңіндегі тарихи бөліміндегі рота құрамында болса, ал қалған 154 әскери қызметші парадтың қазіргі заманғы бөлімінде алаңда қазақстандық әскери жоғарғы оқу орындарының курсанттарынан кейін жеке жаяу саппен адымдайтын болады. Әскери қыз-келіншектер Қазақстанның төрт өңірлік қолбасшылығынан, Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдерінен, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратынан жиналған. Осы уақытқа дейін әскери қызметшілер жеке-жеке жаттықты. Олар жергілікті жерлерде саптық жарғыға сәйкес сап құрамында бірыңғай қарқын мен ырғақты, сап түзулігін сақтай отырып, жинақы және серпінді адымдауға дайындалды. Қазір олар бір лекте бірлескен жаттығуға кірісуге дайын.

Соңғы жаңалықтар