Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Алина Чистякова күміс жүлдеге ие болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Алина Чистякова жетісайыстың қорытындысы бойынша күміс жүлдегер атанды.
Сондай-ақ Анна Шумило, Екатерина Пузырева, Татьяна Но, Дарья Гридасовадан құралған әйелдер командасы 4×100 метрлік эстафетада үшінші орын алды.
Одан бөлек, отандастарымыз 4×400 метрлік эстафетада қола медальға ие болды.
Команда сапында Анна Шумило, Анастасия Цвиркунова, Екатерина Колода, Мария Шувалова өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс медаль алса, Максим Балабин, Ясмина Тоқсанбаева қола жүлдеге қол жеткізген болатын.