Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты: екінші күннің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Жеңіл атлетикадан 22-24 шілде күндері аралығында елордада кезекті Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты: екінші күннің жеңімпаздары анықталды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Назарларыңызға екінші күннің жеңімпаздарын ұсынамыз:

100 метрге кедергімен жүгіру

Ерлер.

Давид Ефремов (Қарағанды облысы) — 14.02 секунд 

Әйелдер. Юлия Башманова (ШҚО) — 13.87 секунд

400 метрге кедергімен жүгіру

Ерлер.

Вячеслав Земс (Қарағанды облысы) — 52.55 секунд 

Әйелдер.

Аделина Земс (ШҚО) — 57.79 секунд

200 метрге жүгіру

Ерлер.

Виталий Земс (Қарағанды облысы) — 21.43 секунд 

Әйелдер.

Виктория Ан (Астана қаласы) — 24.41 секунд 

3000 метрге кедергімен жүгіру

Ерлер.

Ислам Аманғос (Қарағанды облысы) — 9:12.93 секунд 

Әйелдер.

Ақбілек Құралбай (Шымкент қаласы) — 10:44.77 секунд 

Биіктікке секіру

Ерлер.

Анатолий Люцько (Шымкент қаласы) — 2.08 метр 

Сырықпен секіру

Ерлер.

Максим Балабин (Алматы қаласы) — 4.06 метр 

3 қарғып секіру

Ерлер.

Максим Ваняйкин (СҚО) — 15.78 метр

Әйелдер.

Мария Ефремова (Қарағанды облысы) — 13.47 метр 

Диск лақтыру

Ерлер.

Евгений Лабутов (Маңғыстау облысы) — 56.06 метр

Әйелдер.

Томирис Ерматова (Шымкент қаласы) — 41.34 метр 

4×100 метрлік аралас эстафета

Алматы қаласы — 1:33.03

4×400 метрлік аралас эстафета

Павлодар облысы — 3:29.34

Бұған дейін Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде кімдер топ жарғанын жазған едік.