Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Өзбекстан спортшысын нокаутқа түсірді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Әлішер Әбдуәлім (4-0, 2 КО) Таразда өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz

Непобежденный казахстанский боксер победил спортсмена из Узбекистана
Фото: sports.kz

Әбдуәлім өзбекстандық Асрорбек Рахимовқа (6-3, 4 КО) қарсы шықты. Бұл жекпе-жек бірінші орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық жеңіске мерзімінен бұрын жетті, ол қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша Әлішер Әбдуәлім кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізіп, жеңілмей келеді. Қарсыласына келсек, Асрорбек Рахимов кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңілісіне ұшырады.

Бұған дейін бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты Семей қаласында өтетінін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар