Жер бетінде мекен ететін барлық құстардың қай уақытта пайда болғаны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құстардың эволюциясына қатысты ең қызықты зерттеу жер бетінде қазір мекен ететін қанатты тіршілік иелерінің барлығы дерлік 66 млн. жыл бұрын пайда болғандығын дәлелдеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

«Бұған дейін динозаврлар заманында құстардың түрі көбейе бастады деген жансақ пікір қалыптасып келген. Алайда, біз оған аса нанымды дәлел таба қоймадық», - дейді Сидней университетінің доценті Саймон Хо.

Бұл зерттеудің тағы бір жаңалығы - кей құстардың, тіпті, 100 млн. жыл бұрын пайда болғаны белгілі болды. Ал негізгі легі динозаврлар жойылғаннан кейін 10 млн. жылдың ішінде қалыптасып болған.

Соңғы жаңалықтар