Жер бетіндегі ең тапал адам қайтыс болды

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Гиннестің Рекордтар кітабының мәліметі бойынша әлемдегі ең кішкентай адам қытайлық Хи Пингпинг 22 жасында дүниеден озды.

Жер бетіндегі ең  тапал  адам   қайтыс болды

Ол танымал телебағдарламаға қатысу үшін Италияға барған сапарында қайтыс болды, деп хабарлайды РСН агенттігі.

Дәрігерлердің алдын ала анықтамасы бойынша, оның өліміне жүрегіндегі кінәрат себеп болған. Хи Пингпингтің бойы небәрі 73 сантиметр. Енді Жер бетіндегі ең тапал адам атағынан бойы 56 сантиметрді шамалайтын непалдық Хагендра Тапа Магр үмітті. Осыдан 4 жыл бұрын непалдықтың әлемдік рекорды тіркелмеген болатын, себебі ол кезде оның жасы небәрі 13-те болған және оның бойы әлі өсуі мүмкін екендігі айтылған еді.