Жер дүмпуінен кейін Алматы қаласы мен облысында мектеп жұмысы тоқтады ма

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бүгін, 4 қарашада сағат 12:45–те жер сілкінді.

Жер дүмпуінен кейін Алматы қаласы мен облысында мектеп жұмысы тоқтады мааблюдают за сейсмическими событиями круглосуточно
Фото: Александр Павский / Kazinform

Жер дүмпуінің қарқындылығы Алматы қаласында 3 балл, ал Алматы облысының әр ауданында 2-3 балл аралығында болды.

Kazinform агенттігі төтенше жағдайға байланысты қала мен облыс мектептерінің жұмысы туралы ведомстволарға сауал жолдады.

Алматы қаласы білім басқармасының жауабына сәйкес, жер сілкінісі кезінде оқушылар мен студенттер қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Алайда жарты сағаттан кейін сабақтарын қалыпты режимде жалғастырған.

— Дабыл сигналынан кейін мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері сейсмикалық қауіп төнгендегі іс-әрекет алгоритміне сәйкес әрекет жүргізді. 15-20 минуттан кейін оқу процесі қалыпты режимде жалғастырылды, — деп хабарлады.

Алматы облысының әкімдігі де өңір мектерінің жұмысы тоқтамағанын хабарлады.

— Алматы облысы бойынша білім беру мекемелерінде сабақтар тоқтатылған жоқ. Жер сілкінісіне байланысты оқушылар қауіпсіздік мақсатында ашық алаңдарға шығарылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, — делінген облыс әкімдігінің жауабында.

Еске салайық, Алматы әкімдігі барлық хабарландыру жүйесі штаттық режимде жұмыс істегенін хабарлады.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қалада тіркелген жер сілкінісіне қатысты түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар