Жер қазу жұмыстары кезінде газ бен су құбырының зақымдануынан елорданың бірқатар үйлері газсыз және сусыз қалды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Жер қазу жұмыстары кезінде газ бен су құбырының зақымдануынан елорданың бірқатар үйлері газсыз және сусыз қалды,
None
None

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Мамырдың 28-і күні сағат 17.15-де «Алсин-Аларко» ЖШС-нің жер қазу жұмыстары барысында Сарыарқа ауданындағы Құтпанов көшесіндегі диаметрі 89 мм болатын газ құбыры зақымданған. Осының нәтижесінде Біржан сал көшесіндегі №1,3,5,5/1 үйлер, Құтпанов көшесіндегі №3 және №4 үйлер, Гете көшесі бойындағы №10 үй, Ақжайық көшесіндегі №13/1 үй газсыз қалды. Төтенше жағдайдың зардабын жою үшін «Газ Қызмет» ЖШС апат бригадасы жұмысқа кірісті.

Сонымен қатар, осы жерде 100 мм диаметрлі су құбыры бұзылған. Осының салдарынан Құтпанов көшесіндегі №4 үй сусыз қалды. Қазіргі уақытта «Астана - су арнасы» МКМ су жеткізуді ұйымдастырып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бүгін, мамырдың 29-ы жүргізіледі деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар