20:25, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Жер саласындағы заңды бұзу оқиғалары бойынша 130,2 млн. теңгенің айыппұлдары салынды - ҚР Жер қатынастарын басқару агенттігі
АСТАНА. Қаңтардың 19-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жер қатынастары саласындағы тексерістердің нәтижесінде 130,2 млн. теңгеге айыппұлдар салынды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, 2008 жылда агенттік пен оның аймақтық инспекциялары өткізген 4,7 мың тексерістің нәтижесінде жер қатынастары саласындағы 2,4 мың заң бұзушылықтар анықталған. «Заңды бұзудың 2,3 мың оқиғасы бойынша әкімшілік іс-шаралар қолдынылып, 130,2 млн. теңге көлеміндегі айыппұлдар салынды. 501 факті бойынша барлық материалдар сотқа берілді», - деді Ө.Өзбеков. Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, заң бұзушылықтардың 59 пайызын жерді өз еркімен иемдену фактілері құраса, жерді мақсатсыз пайдалану оқиғалары 17 пайызға дейін жетіп отыр.