Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген

ТАРАЗ. KAZINFORM –  Соңғы мәліметтер бойынша екі ауданда 17 әлеуметтік нысан бүлінген. Оның ішінде 11 білім беру, 2 - денсаулық сақтау, 2 - әлеуметтік қорғау, 1 - спорт және 1 - мәдениет нысаны бар. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік комиссия Т.Рысқұлов ауданындағы зардап шеккен тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап шықты.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Жаңатұрмыс ауылында аймақ басшысы комиссиямен бірге 5 үйді аралап, жағдайын бағамдады. Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев үйлері зардап шеккен тұрғындарға атаулы көмек көрсетілетініне сендірді.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Ауыл мектебі ғимаратының да бүлінген жерлері анықталды. Облыс әкімі балаларға қолайсыздық туғызбас үшін қалпына келтіру жұмыстарын жедел бастау міндетін қойды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес залалды бағалау және бүлінген мүлікті қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады. Құрамына облыс әкімдігінің, сейсмологиялық бақылау және зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының, сондай-ақ түрлі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кіретін жұмыс тобы құрылды.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының ауылдық елді мекендерінде комиссия мүшелері ғимараттар мен тұрғын үйлерді аралап, жай-күйін көзбен көріп, техникалық тексеру жүргізеді.

— Соңғы мәліметтер бойынша екі ауданда 17 әлеуметтік нысан бүлінген. Оның ішінде 11 білім беру, 2 — денсаулық сақтау, 2 — әлеуметтік қорғау, 1 — спорт және 1 — мәдениет нысаны бар, — делінген хабарламада.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Ауылдық округ әкімдіктеріне тұрғындардан баспаналардың зардап шеккені туралы 104 арыз-шағым түскен. Тұрғын үйлерді тексеру жалғасып, шығын көлемі анықталып жатыр.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Аралау және атқарылған жұмыстардың қорытындылары облыстық жедел штабтың отырысында талқыланды.

Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Жер сілкінісі: 104 арыз-шағым түсіп, 17 әлеуметтік нысан бүлінген
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Қазіргі уақытта облыстағы жағдай тұрақты. Зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы, жол коммуникациялары, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.

Айта кетелік Жамбыл облысында жер сілкінісінің салдарын бағалау жөніндегі үкіметтік топтың жұмысы жалғасып жатқанын және Үкіметтік жұмыс тобы жер сілкінісінен зақымданған нысандарды аралағаны туралы жазған едік.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгенін жазған болатынбыз. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған.

Бұған дейін хабарланғандай, сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб 24/7 тәртібінде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар