Жер тек ауыл шаруашылығының мәселесі емес - А. Есімов

АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жер мәселесінің қаланың өсіп-өрекендеуіндегі маңызы өте зор. Бұл туралы бүгін Алматыда жер заңнамасын жетілдіру және Алматы қаласы мен қала маңы аймақтарының жерлерін пайдалану жөніндегі кеңейтілген жиналыста айтылды.
None
None

«Жер тек ауыл шаруашылығының мәселесі емес. Ол біздің қаламызбен де тығыз байланысты. Сондықтан енгізілетін өзгерістердің қала үшін орны ерекше. Мәселен Жер кодексіндегі өзгерістер бойынша қазір жерді мақсатты игерудегі заң бұзушылықты анықтау мен оны қадағалау өкілеттігі жер комиссиясы мен жер қатынастары басқармасына берілген. Бұл екі қызметті бір органға беру керек», - дейді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, қазір Алматыда 10 сотылық тегін жер телімін алуға өтініш берген 110 мың адам кезекте тұр. Сондай-ақ қаланың сырт аумағындағы саяжайлардың көпшілігі елді-мекенге айналған. Ал елді-мекен талабы бойынша қажетті инфрақұрылым онда жоқ. Бұл мәселені шешуге заңдық нормалардың жоқтығы қолбайлау болуда.

Соңғы жаңалықтар