Жергілікті билік органдары экология мәселесіне атүсті қарап келеді ? ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Экологияға қарастырылған жергілікті бюджеттердің қаржысы дұрыс жұмсалмай келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Нұрлан Ысқақов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, 2008 жылда эмиссияларға төлемақы ретінде жергілікті бюджеттерге 66 млрд. теңгеден астам қаржы түскен болатын. «Осы қаражаттың тек 30 пайызы ғана қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бағытталды. Экологиялық жағдайы төмен еліміздің батыс аймақтарында табиғатты қорғау жұмысына ақшаның бар-жоғы 7-8 пайызы ғана жұмсалады», - деді Н.Ысқақов. Министрдің сөзіне қарағанда, осы күнге дейін жергілікті билік органдары қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, кәріздік құбырларды тазарту, су және жылу энергиясын үнемдеу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар өзен мен көлдерді тазарту мәселесін шешу жолында тиісті іс-шараларды қолға алмай келеді.
Соңғы жаңалықтар