Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жергілікті бюджеттердің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану қағидалары бекітілді

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №271 қаулысымен  облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтілді.

Жергілікті бюджеттердің эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерін пайдалану қағидалары бекітілді

 ***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

«2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды аса қауiптi инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi   К.МӘСIМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2012 жылғы 29 ақпандағы №271 қаулысымен бекiтiлген

Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану  қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң 2012 жылғы республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi - ағымдағы нысаналы трансферттер) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Ағымдағы нысаналы трансферттер 053 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жұқпалы және созылмалы ауруларының ошақтарын жою» бюджеттiк бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) орталықтандырылған түрде сатып алған ветеринариялық препараттарды тасымалдауға, уақытша сақтауға және қолдануға байланысты шығыстарды жабуға бағытталған әрі мыналар бойынша қызметтер мен тауарларды сатып алуды жүзеге асыруды көздейді:
1) ветеринариялық препараттарды тасымалдау;
2) ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау;
3) ветеринариялық препараттарды қолдану;
4) вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін сатып алу (вакутейнерлер).
3. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңна­масына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ағымдағы нысаналы трансферттер Министрлiк бекiтетiн жануарлардың аса қауiптi аурула­рының алдын алу және диагностикасы жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралардың 2012 жылға арналған жоспарында (бұдан әрi - Ветеринариялық iс-шаралар жоспары) көзделген іс-шараларға бөлінеді.
Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2012 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

2. Эпизоотияға қарсы iс-шараларды жүргiзуге берiлетiн
ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбi
5. Министрлiк республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, Ветеринариялық iс-шаралар жоспарының негiзiнде, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне нысаналы ағымдағы трансферттердi аударады.
6. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы арасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм, төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары, сондай-ақ ветеринариялық iс-шаралар жоспары негiзiнде республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдағы трансферттердi аудандардың (облыстық маңызды қалалардың) бюджеттерiне аударады.
7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөніндегі, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурстарды ұйымдастырушы болып табылады.
8. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау Астана, Ақтөбе және Алматы қалаларында орналасқан франко-қоймалардан жүзеге асырылады.
9. Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармалары Ветеринариялық iс-шаралар жоспары бойынша ветеринариялық препараттарды, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес бөлудi жүзеге асырады.
10. Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi Ветеринариялық iс-шаралар жоспары бойынша ветеринариялық препараттарды, вакуумдық қан алудың бір жолғы жүйесін (вакутейнерлер) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлер арасында ағымдағы нысаналы трансферттердiң сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес бөлудi жүзеге асырады.
11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармаларында (бұдан әрi - басқармалар), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiнде орындалған жұмыстарды бағалау комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) құрылады.
Басқармалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерi (бұдан әрi - Бөлiм) Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
12. Ветеринариялық препараттарды тасымалдау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлер Ветеринариялық iс-шаралар жоспарына сәйкес ай сайын жұмыстардың орындалуына қарай, бiрақ 2012 жылғы 15 желтоқсаннан кешiктiрмей Бөлiмге мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердi бағалау актiлерiн;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлген қызметтердiң актiлерiн ұсынады.
13. Бөлiм ай сайын құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде, бiрақ 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетiлген ұсынылған құжаттарды тексередi. Олар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жиналған құжаттарды басқармаға, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) ветеринария бөлiмдерiне қарауға және ақы төлеуге ұсынады.
14. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Бөлiм үш жұмыс күнi iшiнде сәйкес келмеу себептерiн сипаттай отырып, оларды ветеринариялық препараттарды тасымалдау, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау жөнiндегi, ветеринариялық препараттарды қолдану жөнiндегi қызметтерді жеткізушілерге пысықтауға қайтарады.
15. Көрсетiлген қызмет үшiн тиiстi қызметтерді жеткізушілердің банктiк шоттарына қаржылай қаражат аударуды Астана және Алматы қалаларының ауыл шаруашылығы басқармалары, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлiмi төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екі данада төлем шоттарының тiзiлiмiн және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
16. Басқармалар Министрлiкке ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2012 жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептердi ұсынады, ал қаражат толығымен игерiлмеген жағдайда себебiн көрсетеді.
17. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Министрлiкке жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 30 шiлдеден кешiктiрмей аралық есептi, ал жылдың қорытындылары бойынша келесi қаржы жылының 15 ақпанынан кешiктiрмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдерге сәйкес бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге iс жүзiнде қол жеткiзу туралы қорытынды есептi ұсынады.
18. Министрлiк Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес нәтижелер туралы жасалған келiсiм негiзiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.
19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi мен жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттердiң ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша жасалған келiсiмге сәйкес пайдаланылмағаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткізілмегенi, алынған ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткізілген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi бермегенi үшiн жауапты болады.

Қаулының толық мәтіні бүгін республикалық БАҚ-та жарияланды.