Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кез келген мемлекеттің орнықты демократиялық дамуына қызмет етеді - ЕҚЫҰ өкілі
амырдың 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кез келген мемлекеттің орнықты демократиялық дамуына қызмет етеді.
Бүгін «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту - өңірлердің орнықты дамуының қажетті шарты» атты халықаралық конференция барысында Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтық қоғамды дамытуға, жергілікті жерлерде демократиялық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге аса зор септігін тигізеді. Сонымен бірге, жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізу кез келген мемлекеттің орнықты демократиялық дамуына қызмет етеді», деді Ж. Клетцер.
Оның айтуынша, кез келген мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту түсу азаматтардың күнделікті өмір сапасын жақсартудың айқындалған жолы болып табылады. Мәселен, осы арқылы жергілікті экономикалық һәм әлеуметтік дамуды, қоршаған ортаны жақсарту, бала тәрбиесі мен халық денсаулығы секілді маңызды мәселелердің оң шешімін табуға да ықпалы бар. «Бұнымен қоса, аталған бағыт мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіне азаматтардың қатысу құқығын қамтамасыз етеді. Дегенмен, мемлекет өміріне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету басқарудың жұртшылыққа етене жақындай түскен орындарда ғана айқын көрініс тауып отыр», деді ЕҚЫҰ өкілі.