Жергілікті жеміс, көкөніс ОҚО-ны толықтай қамтамасыз етіп отыр - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жергілікті жеміс, көкөніс ОҚО-ны толықтай қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі жыл сайын 20 млрд. теңге деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 345 млрд. теңгені құрады. Жергілікті өнім облыс аумағындағы жеміс-көкөніске деген сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр және республиканың елеулі бөлігіне де өнім шығарылуда»,-деді облыс әкімі.

ОҚО мақта өсіріп отырған жалғыз өңір екеніне тоқталған ол: «773 мың гектар егіс көлемінің ішінде суармалы жерлердің аумағы 440 мың гектарға жетті. Облыс бойынша өткен жылы 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлардың жалпы ауданы 1 025 гектарға жетті. Осы орайда республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы ОҚО үлесінде екенін атап өткен жөн», - деді Атамқұлов.

Соңғы жаңалықтар