Жерлесіміз Е. Левкин биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруден Азиада чемпионы атанды, қоржынымызда 19 алтын бар
Бүгін Алматыдағы Шаңғымен тұғырдан секіретін халықаралық кешенде өткен биіктігі 95 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сын жарысында Евгений Левкин екі секірудің қорытындысы бойынша 252 балл жинап, тұңғыш рет Ақ Азиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені биіктігі 125 метрлік тұғырдан секіруден чемпион атанған жапониялық Казуя Иосиока (Kazuya Yoshioka) иеленді. Ол екі секірудің нәтижесі бойынша 248,5 балл жинады. Қола жүлдені 245 баллмен тағы бір қазақстандық қанатты шаңғышы Радик Жапаров жеңіп алды.
Жарысқа Қазақстаннан - 6 , Жапониядан - 2, Қытайдан -1, ал Кореядан - 2, барлығы 11 спортшы қатысты.
Бұл жарыста өзге қазақстандық спортшылар Николай Карпенко төртінші, Алексей Королев сегізінші, Константин Соколенко тоғызыншы, Асан Тоқтақынов оныншы орын алды.
Спортшылардың өнері - секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды. Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.
Айта кетейік, 31 қаңтар биіктігі 125 метрлік тұғырдан секіруден жекелей сынды алтын және күміс жүлделерді
жапониялық қанатты шаңғышылар Казуя Иошиока (Kazuya Yoshioka) мен Казиоши Фунваки (Kazuyoshi Funaki) өзара бөліскен еді. Онда қазақстандық Николай Карпенко қола жүлдегер атанған болатын. Ол жарыста бүгінгі чемпионы Евгений Левкин алтыншы орын алса, ал қола жүлдегер Радик Жапаров сегізінші орыннан көрінген еді.