Жерүсті және жерасты өткелдері жаңа стандарт бойынша жөнделеді – Алматы әкімі
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы жерасты жаяу жүргіншілер өткелдері мен жерүсті өткелдеріндегі лифттер мен көтергіш құрылғылар жаңа стандартқа сай жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті.
Қала тұрғындарының бірі жол өткелдеріндегі көтергіштердің жұмыс істемейтінің айтып, шағымданды.
«Бізде бүкіл қалада көпірлерде көтергіштер бар. Оларды күтіп ұстауға және пайдалануға ақша бөлінеді, бірақ олар әрдайым жұмыс істей бермейді. Кілт мәселесі де бар. Қашан тәртіп орнатылады?», - деп сұрады әкімнен Әуезов ауданының тұрғыны.

Ерболат Досаев тең қолжетімділік пен тең мүмкіндік мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті.
«Мен арнайы комиссия құрдым, оны өзім басқарамын. Қала құрылысы кеңесіне қатысты мәселені инклюзивті қоғамға енгіздім. Құрылыс ережесінде біз қазір осындай өкілеттікке ие болдық. Мемлекет басшысы Алматының ерекше мәртебесі туралы Заңға өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, онда нысандарды қабылдау, талаптар бойынша мәселелер көзделеді. Алматы қаласының дизайн-кодында біз қажетті заттарды бекіттік», - деді Ерболат Досаев.

Айтуынша тек Әуезов ауданында жыл соңына дейін 5 жерүсті өткелі жаңа стандарт бойынша қайта жаңартылады.
Мегаполис басшысы лифт кілтінің орнына азаматтардың, оның ішінде қарттар мен ерекше қажеттілігі бар адамдардың жеңілдетілген санатын ескеретін «Онай» карточкаларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Өкінішке қарай кейбір қала тұрғындарының мәдениеті төмен, бұл өткелде лифтті пайдалануға қатысты. Сондықтан біз оған шынымен мұқтаж жандардың мүддесі үшін шектеулер енгізуге мәжбүрміз.Аудандағы лифттер осы жылдың соңына дейін жөнделеді», - деді Алматы әкімі.