Жетекші бельгиялық компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады (ФОТО)

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - 15-16 ақпанда ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаев басқарған қазақстандық делегация Бельгия Корольдігінде жұмыс сапарымен болды.
None
None

Үкімет басшысының орынбасарымен, Валлония аймағының экономика, білім беру, коммерция және жаңа технологиялар министрі Жан-Клод Маркурмен жүргізілген келіссөздер кезінде Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты қатынастың даму мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы талқыланды.

Р.Жошыбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жайлы айтып, бельгиялық бизнесмендерді халықаралық көрмеге қатысуға шақырды.
ЭКСПО-2017 комиссарының сөзіне қарағанда, елдің ірі «CMI Group» компаниясы көрмеге қатысуға қызығушылық танытты.
Сапар барысында Р.Жошыбаев «Green win» ұйымында да болды.
ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстанда бизнесті дамыту үшін жасалған жағдайды және ҚР-дағы инвестициялық климаттың қолайлылығын айтты.
Келіссөздер соңында бельгиялық компания басшысы көрмеге қатысуға дайын екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, қазір 74 ел мен 14 халықаралық ұйым ресми түрде ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын хабарлады.
2
3

Соңғы жаңалықтар