Жетібай мұнай кен орнында биік тұғырнама монтажшысы зардап шекті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Жетібай мұнай кен орнында биік тұғырнама монтажшысы зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Жетібай мұнай кен орнында биік тұғырнама монтажшысы зардап шекті - ҚР ТЖМ

Төтенше оқиға 23 наурызда таңертең Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында болды.

«ZG-40 бұрғылау станогындағы алаңның қоршауын бұзу кезінде жоғары алаңнан ротор алаңшасына биік тұғырнамалы монтажшы, 1986 жылғы азамат құлап кетті», - делінген ақпаратта.

Түрлі дене жарақаттарын алған ол, ауруханаға жеткізілді.