«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «KEIDC» инвестициялық компаниясы «Жел электр стансаларының құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Садуғаш Дүйсенова/ - «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Омаров пен «KEIDC» инвестициялық компаниясының өкілі Озюдогру «Алматы облысында Жел электр стансаларының құрылысын салу» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қол қойылған құжатқа сәйкес, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлескен жоба үшін жер телімі түріндегі активтер, жер қойнауын игеру құқықтарын және мүліктік кешендер ұсынады. Ал «KEIDC» бірлескен компаниясы» ЖШС өз кезегінде, жобаны толық өз есебінен инвестициялайды, жабдықтар жеткізе алатын серіктестерді іздестіреді, кадрлар дайындау ісін ұйымдастырады. «Жел электр стансаларын салу» жобасы Алматы облысының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның құны 1118 миллион долларды құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру 1 мыңдай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру үшін екі перспективалық жел дәлізі анықталып отыр: бірі Алакөл ауданында орналасқан Жоңғар қақпасы да, екіншісі Еңбекшіқазақ ауданы аумағындағы Шелектегі жел дәлізі. Жел-электр стансаларының құрылысын кезең-кезеңмен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол нысандар бір жарым жылдың ішінде 100 МВт-ға дейін қуат өндіруге мүмкіндік береді. Ал жоспарлы қуат 627 МВт-ты шамалайды.
Соңғы жаңалықтар