Жетісу облысында биыл 12 блок-модульді медициналық кешен іске қосылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында тағы бір блок-модульді медпункт іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

«Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған құрылыс нысаны Алакөл ауданының Көкжар ауылында тұрғызылды. Бұл - облыста биылға жоспарланған он екі мекеменің жетіншісі», - деп жазды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл медициналық пункт Көкжар ауылының 160 тұрғынына қызмет көрсетеді.

Жобаның жалпы құны – 39 млн. теңге. Ғимараттың аумағы – 108 шаршы метр. 12 тұрғынжайы бар, атап айтқанда вестибюль, дәліз, дәріханасы бар тіркеу орны, акушерлік қабылдау бөлмесі, егу бөлмесі, процедуралық кабинет, материалдар алу мен зерттеу бөлмесі, орта медициналық қызметкерлер бөлмесі, 2 дәретхана, сол сияқты басқа да тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктегі тұрғынжайлары бар. Ыстық су, жылу жүйесі жүргізілген, желдеткіш орнатылған.

Жалпы жыл соңына дейін өңірде тағы 5 блок-модульді кешенді іске қосу жоспарланған. Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарында жалпы құны 900 млн теңге болатын барлығы 12 нысан жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, блок-модульді кешендер берік, қарапайым орнатылатын, ұзақ қызмет ететін құрылыс түрі. Сонымен бірге қолайсыз ауа райына төтеп бере алады, олардың қызмет ету мерзімі 30 жыл деп межеленеді.

Соңғы жаңалықтар