Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелген - Антикор

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Антикор Жетісу облысында сыртқы жарнама үшін негізсіз салық есептелгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Өңірде сыртқы жарнама туралы заңнаманы қолданудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері бойынша 125 кәсіпкерге сыртқы жарнама үшін салықтарды заңсыз есептеу анықталды.

«Сонымен қатар, мәселені зерделеу барысында осы салықтарды төлемегені үшін облыстың мемлекеттік кіріс органдары жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңсыз тыйым салғаны, сондай-ақ кәсіпкерлердің банктік шоттарын бұғаттағаны белгілі болды», - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен.

Жетісу облысы бойынша Антикормен кешенді іс-шаралар өткізілгеннен кейін Мемлекеттік кірістер басқармасы жарнама үшін бұрын есептелген салықтардың күшін жойып, кәсіпкерлердің мүлкіне барлық тыйым салуды алып тастады.


Соңғы жаңалықтар