Жетісу облысының бас имамы тағайындалды

Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлы Жетісу облысы Көксу ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. 7 баланың әкесі. Білімі: жоғары. Нұр-Мүбарәк Египет Ислам мәдениеті университетінің 2000-2004 алғашқы түлегі.
2014 жылы ИБЖИИ 2 айлық курста 3-ші дәрежелі білімін өте жақсы бағамен тәмамдады.
2018 жылы Түркия Республикасының шақыртуымен Түркия мемлекетінің астанасы Анкара қаласында 2 айлық білім алды. 2022 жылы ИБЖИИ 2 айлық курста 2-ші дәрежелі білімінде өте жақсы бағамен бітірді.
Қызметі туралы ақпарат: 2004-2014 жылдары Жетісу облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің бас имамы (10 жыл), 2014-2020 жылдары Жетісу облысы орталық «Иман» мешітінде найб имам қызметін абыроймен атқарды.
2020 жылы Талдықорған қаласындағы жаңадан ашылған «Тәубе» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалып, сонымен қатар осы күнге дейін облыстық орталық мешіттің наиб имамы қызметін қоса атқарып келді.
2023 жылдың 11 тамызынан бастап Жетісу облысы бойынша және орталық «Иман» мешітінің Бас имамы. Жалпы қызметтік еңбек өтілі – 19 жыл.