Жетісуда Конституция күні атап өтілуде
Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл-күйлеріне сай күн де шуағын шашып, жадырай түскен. Талдықорғанның көшелері мен орталық алаңы алуан түсті шарлармен, әсем ұрандармен безендірілген. Барлық жерлерде құлаққа жағымды музыка әуені естіледі. Түрлі ұлт өкілдері - Алматы облысында 103-тен астам ұлттардың өкілдері достық пен сыйластықта өмір суруде - бір-бірлерін мерекемен құттықтауда, татулық пен игілік тілейді.
Облыс орталығының жүзден астам ұйымдары мен мекемелерінің өкілдері қазіргі уақытта орталық алаңнан шерумен өтуде.
Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов мерекелік митингті ашты. «Қолданыстағы Конституция бойынша өмір сүрген он төрт жыл ішінде көптеген оң өзгерістер болды, - деді С.Үмбетов. - Жыл өткен сайын әлеуметтік-экономикалық жаңарулардың айналымы қарқын ала түсуде. Өнеркәсіп, құрылыс, шағын және орта бизнес қарқынды дамуда, жұмыс орындары құрылуда. Облыс бюджеті тұрақты өсе түсуде, ол халықтың өмір сүруі үшін маңызды салаларды - денсаулық сақтауды, білім беруді, мәдениетті, спортты және т.б. қаржыландыруды арттыруға мүмкіндік береді. Тұрғын үй құрылысы белсенді жүргізілуде, халықтың табысы арта түсуде. Біздің ата-баба жерімізде бейбітшілік салтанат құруда. Осы бейбіт өмірдің кепілі біздің Конституциямыз болып табылады», - деді әкім С.Үмбетов.
Конституция күнін тойлау бағдарламасында - Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртістерінің және көркемөнерпаздар ұжымдарының орындауында әндер мен билер, асфальтқа салынған балалар суретінің конкурсы, спорттық жарыстар бар.
Кешке орталық алаңда жастар дискотекасы өтеді. Мереке отшашулармен аяқталады.