Жетісайда білім бөлімі 33,8 млн теңге көлеміндегі зейнетақы жарнасын кешіктірген
АСТАНА. KAZINFORM — Прокуратура Түркістан облысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің бұзылған конституциялық құқығын қалпына келтірді.
Қадағалау қызметі барысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуы анықталды.
Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі тарапынан 41 білім беру ұйымында жұмыс істейтін 3766 қызметкерге қатысты міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаған.
Салдарынан 33,8 млн теңге көлеміндегі төлемдер жүргізілмей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған бұзушылықтар толық жойылып, міндетті зейнетақы жарналары толық көлемде төленді.
Осылайша, 3766 қызметкердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырады.