14:38, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
«Жетісу» командасы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» жартылай финалға жолдама алды.

Талдықорғандық команда ширек финалда филиппиндік «PLDT High Speed Hitters» клубымен алаңға шықты.
Бірінші партияда талдықорғандықтар бет қаратпады — 25:13.
Есесіне екінші және үшінші сет тартысты өрбіді. «Жетісу» бапкері, сербиялық Марко Гршич керек кезінде үзіліс алып, ойыншыларына дұрыс бағыт бере білді — 25:22, 25:20. Қорытынды есеп — 3:0.
«Жетісудың» жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Жетісу» клубының Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.