Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып Сәкен Түкібаев тағайындалды

 Түкібаев Сәкен Ғалымұлы
Фото: Жетісу облысы әкімдігі.

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысы әкімінің өкімімен Түкібаев Сәкен Ғалымұлы облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Түкібаев Сәкен Ғалымұлы - 1991 жылы туған, білімі жоғары. 

Қазақстан-Британ техникалық университетін автоматтандыру және басқару, Ө. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын қаржы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму мамандықтары бойынша бітірген.

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын Астана қаласында «МұнайГаз» инжиниринг компаниясы» ЖШС-да инженер болып бастаған. Әр жылдарда Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан Жетісу облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар