Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы жемқорлық күдігіне ілікті

АСТАНА. KAZINFORM – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты тергеу басталғанын растап отыр.

Антикор
Фото: Kazinform

Айта кетсек, Нұрлан Шаймерденов - Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы. 

- Сыбайлас жемқорлыққа күдіктену айыбымен тергеу жалғасуда, - дейді сыбайлас жемқорлық қызметінен. 

Аталған жайтқа қатысты Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабы аясында өзге ақпарат таратуға жатпайды.

Айта кетсек, Нұрлан Шаймерденов Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен Алматы облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды

Бұған дейін қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысындағы Көксай ауылында жаңа мектеп салынатыны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар