Жетісу облысында дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған азаматтардың жағдайы ауыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM -  Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адам аудандық аурунаға жеткізілді.

Жетісу облысында дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған азаматтардың жағдайы ауыр
Фото: pexels.com

40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған.

Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған.

Бүгінде қос азамат Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысы Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеп жүрген қызметкерлер суға құлағаны жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар