Жетісуда имамдар тапшы
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM- Жетісу облысында 210 ға жуық мешіт бар. Имам-молда, азаншы сияқты дін қызметкерлеріннің жалпы саны 278. Алайда шалғай ауылдардағы мешіттерге имам әлі де жетіспейді.
Облыстың бас имамы 12 ауылдағы мұсылмандардың құлшылық үйінде имамның жоқтығын айтты. Бұл әсіресе аудан, қалалардан жырақ жатқан шалғай ауылдардағы өзекті мәселе екен.
«Өткен жылдары имам саны 250 ге жетпейтін қазір молда, азаншыларды қосқанда қызметкерлер саны 280 ге жуықтады. Соның өзінде имам тапшылығы бар. Биылдың өзінде университет, колледждерден 14 түлек қызметке келді. Имамдарға жалпы жалақы төленбейді. Үлкен қалалық, аудандық мешітегілерге ғана ең төменгі жалақы 74569 теңге төленеді. ҚМДБ тарапынан бітіруші барлық жас имамдарға айлық тағайындаймыз деген оны қолға алып жатыр. Біз облыс әкіммен келісе отырып, жоғарыда айтқан 14 жас дін қызметкерлерінің екі-үшеуін уақытша тұрса да баспанамен қамтамасыз еттік» — деді Жетісу өңірі бойынша бас имам Керімбек Дәуітов.
Облыстағы имамдар діни сауатын арттыру мақсатында Алматыдағы ислам институтына 2 айлық курсқа жіберіліп тұрады екен. Қазірдің өзінде 4-5 имам сонда оқып жатыр. Екі имам доктарантурада, оның бірі диссертациясын қорғауға Түркияда білікті ұстаздардан білім алуда. 10 жоғары білімді, магистр бар. Тамыз айында аттестациядан өткен 27 имам қазір дін жолындағы қызметтерін жалғастырып жатыр. Еске салайық бұған дейін Бұған Қостанай облысының бас имамы мас болып көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалғанын және Жетісу облысында имамдардың жаппай аттестациядан өтіп жатқанын жазғанбыз.