08:27, 22 Қаңтар 2026 | GMT +5
Жетісу облысында қамыс арасында қалып қойған аққу құтқарылды
АСТАНА. KAZINFORM — Мамандар тексеру барысында аққудың сол жақ қанаты сынғанын анықтады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Алакөл ауданындағы Ақши ауылының маңында ТЖМ құтқарушылары Алакөл көлінде профилактикалық іс-шара жүргізіп жатқан кезде қамыстың арасынан жарақат алған аққуды байқап, бейжай өте алмады. Олар құсты абайлап алып шығып, жылытып, тамақтандырып, содан кейін Үшарал қаласындағы ветеринар мамандарға тапсырды.
— Мамандар тексеру барысында аққудың сол жақ қанаты сынғанын анықтады. Аққу қанаттарын баяу қимылдатып, көмегі үшін құтқарушыларға алғыс айтқандай болды, — делінген ведомство хабарламасында.
Осыдан бұрын Павлодарда ауыл тұрғындары Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққуды құтқарғанын жазғанбыз.