Жетісу облысында республикалық маңызы бар жолда қозғалысқа шектеу енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысында «Көктал–Жаркент–Қорғас» жолының бір бөлігі уақытша жабылады.
— 30 шілде күні сағат 21:45–тен бастап Жетісу облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолындағы су өткізу құрылысында анықталған ақауларды жою жұмыстарына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін KZ 05-02 «Көктал–Жаркент–Қорғас» кірме жолының 313–319 км аралығында (Үшарал ауылының бұрылысынан Диханқайрат ауылына дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, — делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы «Жаркент–Шулақай–Алматы–Шелек–Қорғас» бағыты бойынша ұйымдастырылады.
Жолды 2026 жылғы 31 шілде сағат 07:00–де ашу жоспарланған.