Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны соққыға жықты

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысы Өтенай ауылында жасөспірім зейнеткерді аяусыз соққыға жықты.

Соққыға жықты
Фото: Kazinform

Әлеуметтік желіде таяқ жеген қарт адамның суреттері тарады

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы заңды өкілінің кепілдігіне тапсырылды,— деп хабарлады ведомстводан.

Бұдан бөлек,жасөспірімді тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жасөспірім профилактикалық есепке қойылып,Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жолданды.

— Ювеналды полиция қызметкерлері осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастырып жатыр, – деп атап өтті полициядан.

Бұған дейін Семейде жасөспірімдер алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққаны туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар