Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы: сандар сөйлесін
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан Жетісу өңірі еліміздің ең жас және қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі.
Ол 2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылып, содан бері экономикалық және әлеуметтік әлеуетін белсенді түрде арттырып келеді.
Өңір көптеген агроөнеркәсіптік кәсіпорындарымен танымал, мұнда мал шаруашылығы да, егін шаруашылығы да табысты дамып келеді. Сондай-ақ, Жетісу маңызды туристік орталыққа айналды. Облысқа Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, сондай-ақ Талдықорған, Текелі қалалары кіреді. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс халқының саны 696,1 мың адам, оның 384,3 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.
Экономика
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 10 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 112,8 пайыз. Ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемі 4,9%-ға немесе 362,4 млрд теңгеге өскен, өнеркәсіп — 3,9%-ға немесе 278,8 млрд теңгеге артты, сауда — 1,4 есеге немесе 711,6 млрд теңгеге өсті. Сондай-ақ, құрылыс салаларында 1,3 есеге немесе 231,1 млрд теңгеге өсім бар.

Жетісуда 10 айда 30,8%-ға өсіммен 327,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін жалпы өңірлік өнімнің өсімі 3,6 пайыз деңгейінде жоспарланып отыр. Өнеркәсіп көлемі 2,8 пайызға артып, 335,6 миллиард теңге болды деп күтілуде.
Агроөнеркәсіп кешені
Осы жылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 40 млрд теңге бөлінді, оның ішінде субсидия 23,3 млрд теңге. 10 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 4,9%-ға өсіп, 362,4 млрд теңге болды. Жыл соңына дейін ол 514,4 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар.

2024 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері 44,3 мың гектарға кеңейтіліп, 510,1 мың гектарды құрады. Облыста күзгі жиын-терін аяқталды: 9 желтоқсанға 872,1 мың тонна дәнді дақылдар, 195 мың тонна майлы дақылдар бастырылды, 266 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 132,1 мың тонна картоп жиналды.
Мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді: қаңтар-қазанда малдың негізгі түрлерінің саны өсті: түйе — 2,3 мың бас (123,5%), ірі қара — 518,8 мың бас (123,4%), ұсақ мал — 1,9 млн бас (111,2%) және жылқы — 197,7 мың бас (102,7%). Ет өндіру 5 пайызға, сүт 2,4 пайызға ұлғайды. Облыста 71 мал бордақылау алаңы мен 36 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді.

Өнеркәсіп
Облыстың өнеркәсіптік өндірісінде 549 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның 14-і — ірі, 13-і — орта, онда 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Өндіріс көлемі 3,7%-ға өсті. (213,0 млрд теңге) Тау-кен өндіру өнеркәсібінде — 22,6%-ға (7 млрд теңге), сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды жинау, өңдеу кәдеге жарату, ластануды жою жөніндегі іс-шаралар — 9, 3 пайыз. (3,6 млрд теңге). Жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемі 2,8%-ға артып 335,6 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.
Басқа экономикалық көрсеткіштер
Өңірде 247,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2023 жылғы деңгейден 4,1%-ға жоғары. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 349,3 мың шаршы метрге жетеді.

Облыста 2024 жылдың 10 айында жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 60,7 мың бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны — 104,7 мың адам. Олар өндірген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің көлемі — 491,5 млрд теңге. Бюджетке түсетін салық түсімдері 2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,3 есеге өсіп, 42,1 млрд теңгеге жетті.
2024 жылы жолдарды салуға және жөндеуге 40,6 млрд теңге бөлінді, 1 қазанға 19,2 млрд теңге игерілді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 94%-ға жетеді.

Жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың табысын арттыру мақсатында 2024 жылдың 10 айында 23,5 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар белсенді шаралармен қамтылды. Оның ішінде 9,7 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде облыс бойынша 28 409 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 16 195-і тұрақты жұмыс орны.
Туризм
Жалпы, өңірде туризм саласын дамыту 5 дестинацияның әлеуетіне негізделген. Бұл Алакөл және Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар-Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының таулы алқабы.

2024 жылы туризм нысандарын көруге 2 млн-нан астам адам келді.
Ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 10,7 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте негізгі капиталға инвестиция көлемі — 19,7 млрд теңге.
Соңғы жылдарда Алакөлде инфрақұрылым қарқынды дамытылуда.
ҚР Президентінің тапсырмасын орындау үшін Үшарал қаласы әуежайының өткізу қабілеті сағатына 75 жолаушыға дейінгі қосымша терминалын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Экологиялық туризмді дамыту мақсатында шаңғы-биатлон кешенін салу бойынша жобалық құжаттама әзірленіп жатыр (128,8 млн теңге).

Облыс бюджеті 563,2 млрд теңге. Шығындардың жалпы сомасында ең көп үлесі әлеуметтік-мәдени саланың шығыстарына тиесілі — 285,4 млрд теңге немесе 51% (білім беру — 204,2 млрд теңге, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру — 33,7 млрд теңге, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік — 30,9 млрд теңге, денсаулық сақтау — 16,6 млрд теңге), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық — 11,2%, ауыл шаруашылығы 9,2%, көлік және коммуникация саласында 8,2 пайыз.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды.
Сапары барысында Президент Мемлекет басшысы «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.