Жетісу және Абай облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу және Абай облыстары аумағында республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

15 желтоқсан күні сағат 10:00-ден бастап Жетісу облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 561-615 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылды.

Осы күні, сағат 10:00-ден бастап дәл осы автожолдың Абай облысы аумағындағы 615-683 шақырым аралығында да (Жетісу облысының шекарасынан Таскескен ауылына дейін) барлық көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

- Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жол учаскелерін 15 желтоқсан күні сағат 20:00-де қайта ашу жоспарланып отыр, - деп жазды ҚазАвтоЖолдан.

Жол қызметтері мен тиісті органдар жүргізушілерге алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы жағдайын және жол ахуалын нақтылап алуды ескертеді.

Айта кетейік, БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр.

Соңғы жаңалықтар